Спорт
Уимблдон – 2022 чемпионы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина өзін «Ресейдің дайын өнімі» дейтіндерге жауап берді, деп жазады Bugin.kz порталы.
«Қазақстанға ауысқанда мен юниор болдым. Юниорды дайын өнім деп айтуға болмайды. Оның үстіне юниордан кәсіби деңгейге өту өте қиын. Ол үшін жақсы команда болу керек. Кәсіби спортқа көшіп, одан әрі сәтті жалғастыру екінің бірінің қолынан келмейді. Санаулы адам ғана шыңға шыға алады. Бұл тұрғыда маған сәті түсті. Сондықтан дайын өнім дегенмен келіспеймін», - деді Рыбакина.
Айта кетейік, бұған дейін спортшы «Мен Қазақстан азаматымын» деп айтқан болатын.