Bugin
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету туралы тағы пікір білдірді, деп жазады Bugin.kz порталы.
«Бұл мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы зерделеп жатыр. Қоғам өкілдерімен бірнеше кездесу өткізілді. Егер адамдар зейнетке ерте шығатын болса, онда зейнетақының мөлшері де соған сәйкес төмен болады», — деді Әлихан Смайылов Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына берген сұхбатында.
Үкімет басшысы қоғамда осындай пікір болғаннан кейін, жан-жақты талдап, зерттеу қажет екенін айтты. Оның пікірінше, қазір арнаулы жұмыс тобы құрылып, бұл мәселе министрлік аясында зерделеніп жатыр.