Bugin

Қазақстандағы ең қауіпті жерлер туралы не білесіз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақтың кең байтақ даласы көптеген шетелдіктерді тамсандырғаны белгілі. Десе де ұлы даланың ашылмаған құпиялары қаншама?! Біз сіздерге Қазақстанның ең қауіпті жерлері мен құпияға толы мекендері туралы айтамыз.

Өлген көл

Талдықорған облысы, Герасимовка ауылында 100 метрлік ені 60 метрді құрайтын қорқынышты өлі көл бар. Деректер бойынша мұнда суға кеткен адам көлдің бетіне қалқып шықпай, көлдің түбінде тікесінен тұрып қалады екен. Жергілікті тұрғындар бұл жерді бірнеше км-ден айналып өтеді. Қыс мезгілінде су қатпайды, жазда су жылымайды. Су қысы-жазы суық болып тұрады. Сонымен қатар көлде ештеңе өспейді, балықтар тіршілік етпейді. Тіпті, су асты жәндіктері де өмір сүрмейді. Ал жағадан шыбын маса секілді жәндік түрлерін кездестіре алмайсыз.

Әнші құм төбесі

Әнші құм төбесі Алматы облысы, Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м, ұзындығы 8 км болса, ені 3 км. Әнші құм төбесі – Қазақстандағы ең мистикалық жер. Бұл құмды әнші құм деп атаудың себебі - құмда реактивті ұшақтың дауысы қатты шығады. Бұл дауыс бірнеше қашықтықта уақыт өткен сайын оның дауысы күшейе береді. Сол себепті дауыстың әсерінен жер де сілкіне бастайды. Бүгін де бұл жер толық зерттелмеген. Құмның қалай, қайдан пайда болғандығы туралы да ешқандай мәлімет жоқ. Құмға жақын ауыл тұрғындарының айтуынша, құмның астында Шыңғыс ханның табылмаған зираты жатыр дейді. Әрине, бұл - жай ғана болжам немесе аңыз. Әнші құм төбесі туралы естіген туристер бұл құмды көру үшін арнайы келеді.

Барсакелмес аралы

«Барсакелмес» деген атаудың өзі естіген жанды біраз үрейлендіріп қояды. Ол Арал теңізінің солтүстік батыс жағалауында орналасқан. Барскелмес атауының шығуына аралда көп кездесетін улы жыландар мен қарақұрт, сарышаян сияқты қауіпті жәндіктердің көп болуы себеп болған деген болжам бар. Ал ең таңқаларлығы, Барсакелмес аралында уақыт өз қалауымен өтеді. 1930 жылдарда аралға жіберілген топографиялық экспедиция үш айдай із-түзсіз жоғалып кетеді. Мамандарды іздеуге арнайы адамдар жіберілгенмен, еш нәтиже болмайды. Содан бір күні жоғалған экспедиция аман-сау өздері келеді. Олардың айтуынша, топографтар аралдың терістік жағындағы  адамдар онша бара бермейтін аумақты картаға түсірмек болады. Палаткаларын алып шыққан олар үш күн бойы сол аумақты картаға түсіреді. Ал бұл кезде басқа аумақта үш ай өткен.

Үстірт Шоқысы

Каспий мен Арал теңіздерінің солтүстік бөлігінде құмды ауданда ежелгі дәуір адамдары мәдениетінің ізі қалған. Үстіртте екі көліктегі отряд аспанның батыс бөлігінен біртүрлі объектіні байқаған. Белгісіз объект батыстан шығысқа қарай жылжыған. Алдымен, ұзындығы көкжиектің үштен бір бөлігіне тең үлкен қауыз болса, кейін қауыздың ішінде парашютке ұқсайтын дене пайда болады. Парашют ай секілді жап-жарық болып тұрған. Объект көкжиекке кірместен көзден ғайып болған. Мұны көргендер қатты шошынып, 20 минут бойы қозғалмастан бақылаған. Үстірт шоқысы қызықты палеонтологиялық нысандарымен белгілі. Атап айтсақ, акулалардың тістері, моллюскілердің қабыршақтары, ондаған миллион жылдар бұрын Тетис мұхитында тіршілік еткен теңіз кірпілерінің сауыттары, балықтар мен киттердің сүйектері және т.б. Түпқараған түбегіндегі Жығылған шатқалында гиппарион фаунасының өкілдері - жануарлардың тасқа айналған бірегей іздері табылған. Бұл жерде орта ғасырда керемет мавзолей-мазарлар болған.

дереккөз: zhasatyrau.kz