Bugin
Украина мен Ресейдің делегациясы бүгін, 13 шілде күні, Ыстамбұл қаласында келдесіп, астық мәселесін талқыламақ.
Екі елдің елшілері Босфор жағасындағы үкімет үйінде кездесіп, келіссөз жүргізеді.
Бас тақырып – астық мәселесі. Украинадағы астықты порттан тиею, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ресей тарабы кемеге астық тиерде контрабанда қарулардың тиеліп кетпеуін қадағаламақ. Ал Украина тарабы БҰҰ-ның бейбітшілік және қорғау бастамасы аясында ашығып жатқан өңірлерге астық жеткізуге мүдделі.
Шілде айының басында Ресей әскері Украинаның 22 млн тонна астығын ұстап қалған еді.
Жыл басынан бері украин диқаншылары Еуропаға алатын астықтың небары 30 пайызын ғана, Солтүстік Африкаға 30 пайызын ғана, Азияға 40 пайызын ғана жеткізе алған. Егер қалған қоры бармаса, әлем елдері аштыққа тап болуы мүмкін.