Bugin

Жаңаөзеннің бүкіл «мұнайшысына» жұмыс тауып бере алмаймыз – Тоқаев

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңаөзенде жұмыс тауып берсін деп талап еткен бүкіл «мұнайшыларға» жұмыс тауып беру қиын. Осылай дейді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Шынын айту керек. Мұнай саласында жүрген жұмысшылардың барлығына жұмыс тауып беру өте қиын», - деп жеткізеді президенттің сөзін Ақорда баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының айтуынша, Жаңаөзенде халық саны өскен екен, тұрақты жұмыс орындары да қатар өсуі тиіс еді. Алайда Маңғыстау әкімдігі дұрыс жұмыс істемеді. Миграциялық саясат дұрыс жүргізілмеген. Жұмыссыздық содан шығып отыр.

«Халық өсті, бірақ әлеуметтік инфрақұрылымды құрумен ешкім айналыспады. Жаңа жұмыс орындары жоқ. Елдің өмір сапасы төмендеп кетті. Содан халық «ҚазМұнайГазға» барып жұмыс талап етіп отыр, жоғары жалақы алғысы келеді», - дейді президент.

Мембасшының айтуынша, Жаңаөзендегі кен орындары бірінен кейін бірі жабылып жатыр. 15 жылдың ішінде мұнай өндіру көлемі 30 пайыздай кеміген. Ал жұмысшылар саны екі есе өскен. Еңбекақы қоры 10 рет көбейтілген.

«Жалақысы ең көп аймақтың бірі – осы Маңғыстау. Үкімет бұл өңірді дамытудың арнайы жоспарын жасады. Бюджеттен көбірек қаржы бөлінеді. Салық азайтылады», - деп түсіндірді.