Bugin

Ресейден көшкен шетелдік компанияларды өзімізге тартуымыз қажет – Тоқаев

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрші ел – Ресейден көшкен шетелдік компаниялар Қазақстанға келуі үшін тиімді жағдай жасау қажет деді.

«Қазір әлемде инвестиция тартуға талас болып жатыр. Ресей нарығынан кеткен компаниялардың саны 1400-ден асады. Кейбіреуі тоқтап тұр. Қазақстан үкіметі қайтқан компанияларға реолакация үшін қолайлы жағдай жасауы керек. Бұл біздің тауар өндірісімізге тиімді әсер етер еді», - деді Тоқаев бүгінгі үкімет отырысында.

Мемлекет басшысы министрлер кабинетіне инвестициялық жобаларды дайындап, инвесторлармен жұмыс істеу керек деп тапсырды.

«Жиналыс пен кездесу өткізе бермей, нақты іс істеу керек. Әзірше алға жылжу болмай тұр. Жаңа жоба деген атымен жоқ. Жоба ең алдымен өңірден бастау алуы қажет. Жергілікті әкімдіктер де іске кіріссін», - деп ескертті Тоқаев.