Bugin

Смайылов инфляцияға қатысты не айтты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе инфляцияны төмендету тұрғысында іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Инфляцияның деңгейі жылдық мәнде 14,5 пайызды құрады. Оның негізгі факторлары ретінде әлемдегі қолайсыз геосаяси жағдай, тауар нарықтарындағы жаһандық бағаның өсуі, көрші елдерден кейбір тауарларды импорттауға тыйым салу болды. Инфляцияны төмендету үшін Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, инфляцияны бақылау және төмендету тұрғысында іс-шаралар кешенін іске асырып жатыр», - деді Ә. Смайылов.

Осы орайда ол бұл қадамдар отандық өнім өндіру көлемін ұлғайтуға, сақтау мен тасымалдау тетіктерін дамытуға, баға белгілеуді бақылауға, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуге бағытталғанын айтты.

«Сондай-ақ, импорттық тәуелділікті азайту бойынша инвестициялық жобалар жүйелі негізде іске асырылып жатыр. Азық-түлік тауарлары мәселесін жүйелі шешу үшін Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жоспары қабылданып, іске асырылып отыр», - деді Үкімет басшысы.