Есіктің бірін таңдаңыз, біз сізді не күтіп тұрғанын айтамыз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Есіктің бірін таңдап, сізді не күтіп тұрғанын біліңіз! Логикаға емес, интуицияға негізделген таңдау жасаңыз, сонда нәтиже мүмкіндігінше ашық болады.

 

Бірінші есік. Сіздің негізгі «чипіңіз» - сіздің түрлі-түсті, жарқын қиялыңыз. Сіз арманшыл әрі болашақты ең жарқын түстермен елестетесіз. Сонымен қатар, өте жомарт және басқаларға көмектескенді ұнатасыз. Өзгелер сізге жиі сенім артады, көмегіңіз бен қолдауыңызды күтеді. 

Кейде сіз ностальгияға, әсіресе жақын адамдарыңызбен байланысты естеліктерге берілгенді ұнатасыз. Өйткені сіз отбасыңызды қатты жақсы көресіз. Қанша жерден алыс жүрсең туған жеріңізді қадірлей білесіз.

Тәуекелдерден қорқасыз. Алайда, дарынды адам болып қала бересіз. Сондықтан 2022 жыл қорқыныштарыңыздан арылу жылы болып есептеледі. Алдағы уақытта таным көкжиегіңізді кеңейтіп, өмірдегі ең үлкен жетістіктерге жетесіз!

Екінші есік. Сіз қарапайым және ұстамды, мейірімді жансыз. Сіз үшін басты құндылық - тыныш және бейбіт өмір салтын жүргізу. Екінші жағынан, өміріңізде шытырман оқиға орын алған кезде бұл сынақтарды қабылдауға дайынсыз! 

Сіз ұзақ уақыт және көп жұмыс істеуді жақсы көресіз. Өз мақсаттарыңызға жету үшін бәрін жасауға дайынсыз. Алдағы уақытта сізді ұмытылмас саяхат күтіп тұр! 

Үшінші есік. Үшінші есіктің иесі өте құпия адам. Өзіңіз жайлы өзгелердің сөз тасығанын аса ұнатпайсыз. Сіз ағыспен жүруге көнбейсіз. Өмірде өз жолыңызды нақты айқындаған болсаңыз, ағысқа қарсы жүзуге де дайынсыз. Айналаңызға сыни көзқараспен қарайсыз. Сіздің дамуыңыз бен жетістікке жетуіңізге кедергі болатын адамдармен бірден қоштасасыз. Тіпті достарыңыздың өзі сіздің іріктеуіңіз бен сыныңыздан өткен. Өйткені сіз мотивация сыйлайтын адамдармен жолдас болғанды ұнатасыз. Ішкі сырыңызды көп аша бермейсіз. Алайда бойыңыздағы ең жақсы қасиеттердің бірі жаныңыздағы адамдардың қателікке ұрынарын алдын ала сезіп отыратындығыңызда. Және қателік жасауларына жол бермейсіз. Олар сіздің ескертпеңізді ескергілері келмегенмен, сіздің ешқашан қателеспейтініңізді біледі. Сол себепті сізді тыңдауға мәжбүр. Өйткені сіз турасын айтатын, бірбеткей адамсыз. Ал, тура биде туған жоқ.

Төртінші есік. Бұл есікті ұйымдастырушылық қабілеті басым адам таңдайды. Сіздің ішкі түйсігіңіз жақсы дамыған. Соның арқасында өмірлік жолыңызды жаңылмай тауып келесіз. Есепке және құнды қағаздармен жұмыс істеуге ширақсыз. Ауқымды жобаларды аяғына дейін жеткізіп, жеңісті қанжығаңызға оңай байлауға бейімсіз. Алдыңызда отырған адамның ойын тез оқып қоясыз. Сол себепті сізді алдап, тақырға отырғызу өте қиын. Өзгелерге не керек екенін жақсы білесіз. Мақсатыңыз айқын. Тіпті сәтсіздіктердің өзін, еңсеңізді тік ұстаған күйі жеңіл қабылдайсыз. Достарыңыздың өзі сәтсіздікке ұшыраса сіздің қолдауыңызға зәру. Өйткені сіз әрдайым «Достым, еңсеңді түсірме! Қиындықтың барлығын бірге еңсереміз» деп шабыттандырасыз. Сізге кеңесіміз, осы қалпыңыздан танбаңыз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61