COVID-19

Вирусологтар Omicron штамының жаңа түрін анықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы COVID-19 осы кіші түрінің таралуына мониторинг жүргізетінін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

үниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдары оңай мутацияға ұшырайтын және тез таралатын Омикронның жаңа түрін анықтады.

«Кентавр» деп аталатын коронавирустың жаңа түрі. Ол 2022 жылдың мамыр айында Үндістанда табылды. Содан бері вирус оннан астам елге, соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Германия және Канадаға тарады.

Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы COVID-19 осы кіші түрінің таралуына мониторинг жүргізетінін жариялады.

ДДҰ директоры Тедрос Адханом Гебрейюс коронавирустың жаңа толқындары пандемия әлі аяқталмағанын дәлелдеп жатқанын айтты.

«Мен мемлекеттердің ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ жаңа нұсқалардың мүмкіндігін ескере отырып, COVID-19 әрекет ету жоспарларын жүйелі түрде қарап шығуға және түзетуге шақырамын» -  деді ол.