Bugin

Берешегі бар қазақстандықтарға несие берілмейді: мамандар жаңа заңды түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілі несие беруге қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтынаа сілтеме жасап хабарлайды. 

12 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Осы заңның басқа тармақтары арасында қаржылық институттардың өз клиенттерінің несие тарихтарын ұсыну мерзімдеріне қатысты өзгерістер бар. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілінің айтуынша, жаңа түзетулер табысы төмен, берешегі бар клиенттердің жаңа несие алуын қарастыратын олқылықтарды жояды.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес барлық несие бойынша жиынтық төлемдер сомасы қарыздық жүктеме коэффициентінен аспауы керек. Бұл несие төлемдері жалпы кірістің 50 пайызынан аспауы керек дегенді білдіреді. Мысалы, 200 мың теңге жалақысы бар адам жалпы төлем сомасы 100 мың теңгеден жоғары несие ала алмайды. Егер кіріс мөлшері қазірдің өзінде аз болса және оған қоса әлеуетті қарыз алушының қамқорлығында кәмелетке толмаған балалар болса, онда несиелер бойынша төлемдердің жалпы сомасының қалдығы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (шамамен 37 389 теңге) және 0,5 (18 мың теңге ) әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы керек.

Табысы қарыз жүктемесінің 50 пайызынан асатын адамдарға заң жаңа несие алуға кедергі болмайтыны атап өтілді.

— «Бұған дейін қаржы ұйымдары, банктер мен микроқаржы ұйымдары несие туралы ақпаратты Несие бюросына 15 күн ішінде ұсынуы керек еді. Осылайша, табысы жеткіліксіз азамат, мысалы, микроқаржы ұйымынан немесе онлайн режимінде бір несие ала алады. Осы уақытта Несие бюросындағы ақпарат жаңартылғанға дейін оған банктен де несие берілуі мүмкін. Нәтижесінде оның несиелерінің жалпы сомасы қарыз жүктемесінің коэффициентінен асып кетеді. Айталық, 200 000 теңге жалақымен ол несиесіне 150 000 теңге төлесе, осының бәрі азаматтардың қарыз жүктемесін ауырлатып, оған қоса кешіктірілген жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдар өндірілген.

Енді жаңа заңға сәйкес, барлық қаржы институттары, тіпті ломбардтар немесе онлайн шағын несие беру орталықтары бір жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті, бұл қарыз алушыларға табысының 50 пайызынан асатын төлемдермен бірнеше несие алуды қиындатады», — деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сыртқы коммуникациялар бөлімінің өкілі Дмитрий Акмаев.

Акмаевтың айтуынша, банктердің көпшілігі клиенттердің несиелік тарихы туралы ақпаратты онсыз да жедел жеткізген. Алайда көптеген микроқаржы құрылымдары мен ломбардтар бұған немқұрайлық танытып, несие алу мүмкіндігін тудырады. Енді олардың бәрі бір күн ішінде Несие бюросына несие алған клиент туралы негізгі ақпаратты – оның тегі, аты, әкесінің аты, несие сомасы, өтеу мерзімі және т.б. тапсыруы тиіс. Бірыңғай деректер базасының көмегімен кез келген қаржы ұйымы кезекті несиені алу кезінде клиенттің несиелік лимитіне жеткен-жетпегенін бірден біліп, бұл жағдайда одан бас тарта алады.