Bugin

Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан арқылы қашпақ болған жоқ – Даниал Ахметов

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Павлодар облысы полиция департаментінің экс-төрағасы Нұрлан Мәсімов ШҚО-дағы шекара бекеттерінің бірі арқылы Ресейге өтпек болған деген ақпарат нақты емес екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Ақпаратта оқиға Ресей Федерациясының шығысындағы шекара бекетінде болғаны айтылған. Сол себепті мен бұл мәселеге қатысты ештеңе айта алмаймын. Ал құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істегені күмән тудырмайды», – деді ол.

Антикор ақпараты бойынша Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде ұсталды.