Bugin
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустың қазіргі штамы бастапқы штамдарындағыдай қауіпті еместігі туралы болжамдарға пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Иә, дәрігерлер, оның ішінде иммунологтар аталған вирус туралы, оның ағымы туралы көптеген ақпарат жинап жатыр. Бұл инфекцияның циклдік сипатын, толқын-толқынмен таралатынын байқап отырмыз. Былай алып қарасақ, 2020 жылы да, 2021 жылы да дәл осы кезде аурудың таралуы артқан болатын. Вирустар да қоршаған ортаның, вакцинация мен ауырып шығудан кейін халықтың ағзасында пайда болған иммунитеттің әсерінен өзгеріске ұшырайды. Яғни вирус осы факторларға байланысты әртүрлі қалыпта өтеді, клиникасы әркелкі болады», - деді министр.