Қазақстандық әнші жақында Димаш Құдайберген "Аққуым" әніне түсірілген бейнебаянды көпшілік назарына ұсынбақ. Жаңа бейнебаяны туралы Димаш интернет желісіндегі Instagram-дағы парақшасында жазды.
"8 наурызға менен кішігірім тосынсый. Жуырда...", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Бұл бейнебаянды түсіріп жатқанын әнші ақпанның ортасында хабарлаған болатын.
Бұған дейін бұл композицияны Димаш опера әншісі Майра Мұхамедқызымен бірге орындаған еді.