Bugin
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың отставкаға кетуін талап еткен және «Базз Лайтер» мультфильмі туралы петиция жарияланды. Бір сағат ішінде өтінішке жүзден астам адам қол қойып үлгерген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстандықтардың басым бөлігі петиция авторына қолдау білдірді. Петицияға қол қойғандар Мәдениет және спорт министрін отставкаға жіберуді талап етті.
«Фильмге тыйым салу Қазақстанның демократиялық негіздеріне қайшы келеді, ол жерде Қазақстан азаматтары белгілі бір діннің дәстүрлерін сақтауға міндетті емес деп айтылады. Сондықтан фильмге тыйым салу адам құқығын бұзу болып табылады», – деп жазды автор Артур Бабидов.