Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары басқаратын «Қазфосфат» зауытының заңсыз табысы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Жақында жүргізілген тексеру отандық фермерлер үшін бағаны ұлғайту фактілерін анықтады. Мысалы, «Қазфосфат» ЖШС еншілес компанияға тыңайтқыштардың айтарлықтай көлемін сатты. Бұл 30%-ға дейін сауда үстемесін қосты. Бұл жағдай монополияға қарсы ден қою шараларымен түзетілді. Өндіруші өзінің заңсыз табысын қайтарады», – деді президент.