Bugin
Адам өмір бойы өзін зерттегені дұрыс. Ал бұл жолда сізге психологияның көмектесері анық. Картинада көрсетілген бір символды таңдап, өзіңіздің қандай адам екеніңізді анықтаңыз.
1 символ – жомарт, адамгершілігі мол
Сіз тек жақсы қасиеттерге ұмтыласыз. Өзіңізге жоғары талаптар қоясыз. Еңбекқор адамсыз, өзімшіл емессіз. Сыңарыңызды сыйлап, жақсы көресіз. Тіпті сезіміңізді ойыншыққа айналдырып, тастап кетсе де, оны ұзақ уақыт бойы ұмыта алмайсыз.
2 символ – шыншыл, тартымды
Жауапкершілікті сезіне аласыз, өзгелерге қамқорсыз. Мойыныңызға көп міндет жүктеп аласыз. Мінезіңіз де жақсы. Басқалар сізге сенеді. Жылдам ойлап, тез әрекет етуге үйреніп қалғансыз. Өткір тілді болғандығыңыздан, кез келген жағдайда айтарға сөз табасыз.
3 символ – ойшыл, ақылды
Тым көп ойланасыз. Идея мен ой – сіз үшін өте маңызды факторлар. Белгілі бір мәселені шешу үшін жалғыз қалып, ойланғанды жақсы көресіз. Интровертсіз. Білім алуға құштар адамдарды жақсы көресіз. Адал жолмен жүруге тырысасыз. Қоғамның пікіріне тәуелді емессіз.
4 символ – философ, білімді
Сіздің интуицияңыз жақсы дамыған. Адамдардың көбі сізді дұрыс түсінбейді. Мұндай жайттарды жүрекке жақын қабылдайсыз. Жеке кеңістіктің сақталуын қажет етесіз. Шығармашылығыңызды дамытуға тырысасыз. Өте сезімталсыз.
5 символ – сенімді
Әлемге тәуелсіз адамсыз, өзіңізге ғана сенесіз. Бәрін өзіңіз істеуге үйренгенсіз. Мақсаттарыңызға жету үшін талмай еңбектенуге дайынсыз. Жақындарыңыз үшін бәріне қол жеткізуге тырысасыз. Олардың сізге тек шындықты айтып, адал болғанын талап етесіз.
6 символ – энергиясы мол
Ашық, көңілді адамсыз. Әлеммен бір толқында болуға әрекет етесіз. Аяқ астынан шешім қабылдау қабілетіңіз бар. Өмірге шексіз ғашықсыз. Сондықтан көптеген нәрсеге қызыға қарайсыз.
7 символ – сабырлы, бақытты
Өте сезімтал жансыз. Өзгелерді түсінесіз, әр адамның жеке тағдыры бар екеніне сенесіз. Адамдарды, өмірде болатын жайттарды сабырмен қабылдайсыз. Уайымшылдықты қоюыңыз керек.
8 символ – сезімтал, мейірімді
Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Айналаңызда жолдастарыңыз көп. Оларға барынша көмектесуге тырысасыз. Адамдар сіздің жаныңызда өзін қауіпсіз сезінеді, сізге сенеді. Махаббатқа құштар жансыз.
9 символ – оптимист, жолы ашық
Өмірді қымбат сый деп бағалайсыз. Жетістіктеріңізді мақтан тұтасыз. Жақсы көретін адамдарыңызды бақытты етуге тырысасыз. Өмірді мәнді етіп өткізгіңіз келеді. Өсіп-дамуға барыңызды саласыз.