Қоғам

Қарағандыда көпқабатты үйдің ауласынан жаңа туған нәресте табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Сурет evropakipr.com

Қарағандыда көпқабатты үйдің ауласынан жаңа туған сәби табылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

15 шілде күні сағат 21.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қаладағы ауруханалардың біріне жаңа туған ер бала жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Ол көпқабатты үйлердің ауласынан қорап ішінен табылған.

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы барды. Оқиға куәгері – 21 жастағы тұрғынның айтуынша, кешкілік уақытта үйінен шығып бара жатқанда ауладағы орындықта тұрған картон қорабты көрген. Ішінде көрпешеге оралған сәби болған. «Ол нәрестені жақын маңдағы ауруханаға жеткізген». Дәрігерлердің сөзінше, анасы шамамен екі сағат бұрын үй жағдайында босанған.

«Нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келгендіктен, жағдайы әзірге ауыр. Қазіргі уақытта бала перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері баланың 23 жастағы анасын анықтап, ұстады. Жас ана облыс тұрғыны екені белгілі болды. Аталған факті полицияда тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.