Спорт
Қазақстандық Мағжан Шамшадин Хорватияда дзюдодан өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстандық Мағжан Шамшадин дзюдодан Загребте (Хорватия) өткен «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды. Ол 60 келі салмақта алтын медальға қол жеткізді. Финалда Шамшадин корейлік Вон Джин Кимден мықты болып шықты.
Атап өткендей, ұзақ уақыт бойы дзюдошылар мықтыны анықтай алмады.
«Нәтижесінде Ким үшінші ескерту алды, бұл автоматты түрде Шамшадинге жеңіс әкелді - қарсылас күміс иеленді», - деп мәлімдеді ҰОК.