Әлем
Ең соңғы болып ресейлік телеарналар мен сайттар бұғатталды. Бұған дейін Қазақстан, Әзірбайжан және Қырғызстанның басылымдары жабылған болатын. Қазір сырттан келетін жаңалық жоқ.
Елімізде шетелдік банктерге, төлем жүйелеріне кіруге, AppStore арқылы музыка жүктеуге де тыйым салынған. Барлық VPN қызметтеріне қол жеткізу толығымен дерлік бұғатталды. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.
Түркіменстан билігі интернетке кіруді үнемі шектеп, VPN арқылы сайттарды қарауға тыйым салады. Тыйымдарды бұзған азаматтар жауап алуға шақырылып, айыппұл салынады.