Әлем

Монтана штатында 21 көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Монтана штатында 21 көлік  көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты. Апатқа желдің екпіні 96 км/сағ болатын шаңды дауыл себеп болды. Билік өкілдерінің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде тас жолда көру мүмкіндігі «нөлге» тең болған. Бұл туралы Bugin.kz порталы golosameriki.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға штаттың оңтүстігіндегі Хардин қаласына жақын жерде болған.

Сағатына жүз шақырымға жететін жел Хардин қаласынан бес шақырым жерде орналасқан 90 федералды тас жолға құм мен қоқыстардың алып толқынын түсірді. Нәтижесінде көрінбей қалған көліктер бір-біріне соғылды. Жолда бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды.

Оқиғаға барлығы жиырмадан астам көлік қатысқан. Жақын маңдағы Биллингстен ондаған жедел жәрдем шақырылды. Қазіргі уақытта зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастыруда. Зардап шеккендердің саны әлі анықталған жоқ.

Монтана штатының губернаторы Грег Джанфорте твиттерде: «Мені Хардин қаласының маңындағы апаттың жаппай құрбандары туралы хабар қатты қайғыртты», - деп жазды. 

Метеорологтар штаттың оңтүстік-шығысында жаңа құмды дауыл, желдің екпіні 120 км-ге дейін жететін күшті найзағай және көлемі 2,5 сантиметрге дейін бұршақ жаууы қаупі сақталады деп ескертеді.