Bugin

Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайға арналған бейнебаян шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға арналған бейнебаян жарыққа шықты. «Анаға хат» әнін жас әнші Арайлым Маханбетжанова орындаған, деп жазады Bugin.kz порталы.

Аталған әннің алғашқы орындаушысы – марқұм Ажар Түзелбекқызы. Оның бейнебаянында да есірткімен ұсталған қыздың оқиғасы көрсетіледі. Осы ретте туындының авторы Жәудір Артықбаева әншінің бастамасына сәттілік тілеп, алғашқы клиптің тарихы туралы айтып берді.

«Ажар ең алғаш осы әнді клипімен көрсеткенде, неліктен соншалықты криминалға айналдырып жібергенін сұрап едім. Онда да жігіті тексерісте анашасын қыздың сөмкесіне салып үлгереді де, түрмеде отырып анасын сағынады.

Мен бұл әнді бірінен соң бірін босанып, төркініме, яғни анашыма үш-төрт жыл бара алмай, сағынған сәтте туған ән еді. Студент те, алыста тұрмыстағы қыз да, жұмыспен шетте жүрген жан да ең бірінші анасын сағынады. Өмірдегі шынайылықтармен байланыстырса ғана жүректен шыққан ән жүрекке жетеді ғой», –  дейді Жәудір Артықбаева.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.