Bugin
Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров өз елінде, таудың басына әуе қорғаныс жүйесін (ПВО) орнатуды ұсынды.
«Ресейге қазір жаңа әскери стратегиялық амалдарды қолға алып, іске көшуі керек. Ең алдымен Шешенстанның биік тауына әкеп ПВО жүйесін орнату керек деп ойлаймын. Ресейдің оңтүстік аймағына бұл ауадай қажет», - деп жазды Қадыров Telegram-арнасында.
Оның айтуынша, республикада «Ахмат» атты төрт батальон сақадай сай тұр. Ішінде тек дайындықтан өткен жеке құрам, шешеннің мықты «жігіттері» жиналған.
Оның сөзіне қарағанда әсіресе ең мықтысы «Ахмат-Солтүстік» полкі көрінеді. Оған арнайы дайындықтан өтіп жасақталған, Сирия мен Украинада соғыстан сарбаздардан жинақталған екен.