Bugin

Мәсімов ісі: 3 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлерін тергеу барысында Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінен шамамен 3 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазір Кәрім Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасау» ісі бойынша тергеліп жатқаны белгілі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасынан тәркіленген жылжымайтын және басқа мүліктердің суреттері жарияланған болатын.