Bugin

Мамин мен Мәсімовты айыптаған кәсіпкердің мүлкі тәркіленбек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кәрім Мәсімов пен Асқар Маминді рейдерлік жасады деп айыптаған кәсіпкер Анатолий Балушкиннің мүлкі тәркіленеді. Бұл туралы экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануымен күрес жөніндегі комиссияда айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«11 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында Балушкинге (халықаралық іздеуде жүрген, «БИПЭК» компаниялар тобының акционері) қатысты іс бойынша 77 бірлік жылжымайтын мүлікті сотқа дейін тәркілеу туралы өтінішхат сотқа жолданды. Жылжымайтын мүлік (оның ішінде Рахманов қайнар бұлақтары, Нұртау және «Порт Фортуна») және 1000 жылжымалы мүлік» деп атап өтті комиссия.