Әлем

Ердоған Швеция мен Финляндияға тағы шарт қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Режеп Тайып Ердоған Швеция мен Финляндия Анкараның талаптарын орындамаса екі елдің НАТО-ға кіру процесі тоқтауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Талаптарымыз орындалмаса, процесс баяулайтынын тағы да қайталаймын. Әсіресе, Швецияның тиісті реакция көрсетпей жатқанын көріп отырмыз», - деді Ердоған.

Мадридте өткен НАТО саммиті қарсаңында Швеция, Финляндия және Түркия қауіпсіздік жөніндегі меморандумға қол қойды, бұл Солтүстік Еуропа елдерінің альянсқа қосылуы туралы келіссөздерге тосқауыл қоюға мүмкіндік берді.

Бұл елдер терроризмге қарсы күресті үйлестіруге және Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясына (PKK) қарсы шараларды талқылауға келісті. Анкара, Хельсинки және Стокгольм де осы мәселе бойынша ақпарат алмасып, қажет болған жағдайда экстрадиция туралы келісімді талқылайды.

Еске салайық, Түркия президенті Тайып Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі бойынша келіссөздерге көңілі толмайтынын айтып, Финляндия мен Швецияны шыншыл емес деп сөгіп, өзі президент болып тұрғанда лаңкестердің НАТО-ға кіруін қолдайтын елдермен қарым-қатынас орнатпайтынын айтқан болатын.