Әлем

Ердоған мен Путин Иранда кездеспек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Иран астанасында Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин кездеседі. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Мемлекет басшылары Украина астығын Қара теңіз арқылы экспорттауды қалпына келтіру мәселесін талқыламақ.

Сонымен бірге, тараптар Ердоғанның Сирияның солтүстігінде тағы бір әскери операция бастау туралы мәлімдемесін қозғайды.

Айта кетсек, Мәскеу Анкараның мұндай іс-қимылды жүргізу жоспарына қарсы.

Тағы бір мәлімет: «Ресей, Украина, Түркия мен БҰҰ апта соңында Украина дәнді-дақылдарын теңіз арқылы экспорттауды жаңғыртуға қатысты ортақ мәмілее жасайды» деп күтілуде.