Bugin

Қазақстанда телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар 2022 жылдың 20 шілде айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.