Bugin

Бас прокуратура: «18 миллион гектар жайылым жер бос жатыр»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда 3 миллион гектар жайылым жер заңсыз берілген. Бұл туралы Bugin.kz порталы Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы үш жылда прокурорлар 18 миллион гектар бос және үш миллион гектар заңсыз бөлінген жайылымдық жерлерді анықтап, оның бес миллионы мемлекетке қайтарылып, төрт миллион гектары айналымға енгізілген.

«Жұмыс нәтижесі жерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын туғызатынын көрсетті. Осы себепті адал шаруалар мен ауыл тұрғындары жайылымдық жерлерді пайдалану мүмкіндігінен айырылып, ақырында олардың деградациясына әкеліп соғады», - деп хабарлады Бас прокуратура.

Бүгінгі күні елде 15 миллион гектарға жуық қоғамдық жайылымдардың жетіспейтіні анықталды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтар үшін мал жаюда қиындықтар туғызады.

«Ағымдағы жылы жағдайды жақсарту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп мемлекетке қосымша бес миллион гектар жерді қайтару жоспарлануда. Біздің жергілікті шаралар негізінде әкімдіктер мемлекеттік жайылымдарды басқару жоспарларын бекітті. Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке тұлғаларға берудің алдын алады», - делінген ведомство хабарламасында.

Жайылымдарды қамтамасыз етудегі бұзушылықтар және прокуратураның қадағалау актілері бойынша тиісті бақылаудың жоқтығы үшін 520 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 42-сі мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін әрекеттер үшін.