Әлем

Путин мен Ердоған кездесуінде қандай мәселе талқыланды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің төрағалығымен Тегеранда өткен «Астана форматындағы» саммит аясында Ресей мен Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоғанның кездесуінің қорытындылары белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

Кездесуде Сириядағы лаңкестермен күрес және Украина астығын экспорттау мәселесі талқыланған басты тақырыптар болды.  

TRT World арнасының хабарлауынша, Ердоған келіссөздердің негізгі тақырыбының сириялық босқындардың Түркиядан өз еліне аман-есен оралуы екенін айтты.  

«Терроризммен күресіміз жалғасады. Ресей мен Иранның лаңкестікпен күресудегі күш-жігерімізді қолдауын күтеміз. Сирия халқы үшін ең үлкен пайда елді лаңкестерден тазарту болмақ», - деді Түркия президенті. 

Осыдан кейін мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме жасап, онда олар «Сирияға тиесілі мұнай кірістерін заңсыз басып алуға және аударуға қарсылықтарын білдірді», сондай-ақ Сириядағы «жергілікті жерлерде жаңа шындықтарды, соның ішінде өзін-өзі басқарудың заңсыз бастамаларын» құруға бағытталған әрекеттердіжоққа шығарды. 

Путин «Астана форматындағы» саммиттер Сириядағы қақтығыс аяқталғанша жалғасуы керектігін атап өтті. 

«Сириялықтар өз болашағына қатысты шешім қабылдауы керек. Ресей, Түркия және Иран Сирия халқына көмектесу үшін бірлесіп жұмыс жасауда», - деді ол.  

Кездесуде Путин түрік басшысына Украинадан астық экспорты бойынша келіссөздерге араласқаны үшін алғыс айтып, біраз ілгерілеушілік бар екенін айтты. Путин сонымен қатар келіссөздердегі ілгерілеуге Ердоғанның арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.