Bugin
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2022-2023 жылдарға арналған мектептегі оқу жылының басталуы, ұзақтығы мен демалыс уақытын айқындау туралы бұйрық жобасын дайындады.
Биылғы оқу жылы да әдеттегідей қыркүйек айында басталады.
Бірақ министрлік каникул кезеңдеріне біршама өзгеріс енгізуді ойлап отырған көрінеді.
«Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын ұлғайту бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, «күрделі» тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамыта оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік береді», - деп жазылған жобада.
Жазғы кезеңде каникул күндерінің санын қысқарту өткен оқу жылында білімнің бір бөлігін жоғалту тәуекелін, құқық бұзушылықтарды қысқарту, білім алушылардың шамадан тыс жұмыс істеу мен сырқаттанушылығын төмендету.
Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
1-11 (12) – сыныптарда:
1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан аралығында).
Биыл оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 35 оқу апта, 2-11 (12)- сыныптарда – 36 оқу апта болмақ.
Ал былтыр 1-сынып 33 апта, 2-11 сыныптар 34 апта оқыған еді.
Бұйрықтың жобасы қазір Ашық НҚА сайтында талқылауда. Талқылау 2 тамызға дейін болмақ.