Әлем
АҚШ Штаб бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы генерал Марк Милли Украинадағы соғыс ұзаққа созылатынын айтты. Бұл туралы ол виртуалды форматта өткен Украинаның Қорғаныс қолдау жөніндегі байланыс тобының ("Рамштайн-4" деп аталатын) отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Бүгін Ресей шапқыншылығының басталғанына 147 күн. Заңсыз және жарияланбаған, кең ауқымды, әлсіздерге қарсы соғыс. Бұл күрес ұзаққа созылуы мүмкін», - деді американдық генерал.