Спорт
Кениялық Нора Джеруто АҚШ-та жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанды. Ол Қазақстан қоржынына алтын салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол кедергілермен 3000 метрге жүгіруде жеңіске жетті. Джеруто қашықтықты 8:53,02-де жүгіріп өтті. Екінші және үшінші орындарды Эфиопиялық спортшылар Веркуха Гетачью (8:54,61) және Мекидес Абебе (8:56,08) иеленді. Жарыс видеосын мына жерден көруге болады.
Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы келген. Ел атынан сайыстарға қатысуға ол 2022 жылы ресми түрде рұқсат алды.