Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіндегі баяндамасы басталды, деп жазады Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, геосаяси турбуленттілік пен әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында аталмыш кездесу Орта Азия елдерінің біртұтастығын көрсетеді, жаңа сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруға деген ортақ ұмтылысты айғақтайды.
«Біздің қарым-қатынасымыздың ерекше сипаты бүгінгі қабылданып отырған, мазмұны мен тарихи перспективасы жағынан бірегей саналатын ХХІ ғасырдағы Орталық Азияны дамыту жөніндегі Достық, тату көршілестік және ынтымақтастық туралы келісімде қабылданып, бекітілді. Бұл тарихи құжат бес бағыттағы стратегиялық серіктестігіміздің жаңа белесін белгілейді», - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев баяндамасында «Қазақстан аймақтық ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға, Орта Азияның әлемдік аренадағы рөлін арттыруға бағытталған стратегиялық бағытқа берік болып қала беретінін» айтты.
«Бүгінгі таңда Орталық Азияның ең маңызды миссиясы, менің ойымша, жаһандық саясат пен экономиканың бәсекелес белдеулері арасында көпір орнату болмақ», - деді ол.