Әлем
SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Twitter-дің сот шешімін орындаудан бас тартса, түрмеге қамалу қаупі бар. Бұл туралы Роберт Миллер атты заңгер Business Insider басылымына айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Делавэр канцлер соты айтарлықтай кең өкілеттіктерге ие. Егер шешім Twitter-дің пайдасына шығарылса, Маскты мәміле жасауға және әлеуметтік желіні сатып алуға, мәміле жасау үшін сыртқы менеджерді тағайындауға, құрылтайшыға тиесілі Tesla акцияларын тартып алуға немесе Маскқа бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға құқылы», - деп атап өтті заңгер.
Айта кетейік, бұған дейін Twitter желісі Делавэр штатындағы Канцлер сотына Илон Маскқа қарсы талап-арыз берген болатын. Сонымен қатар әлеуметтік желі Илон Маскқа компанияны сатып алу туралы мәмілені аяқтауға мәжбүрлеу туралы талап қойды.