Bugin
Еуропа Одағының елдері Ресейге қарсы тағы бір санкция салды. Бұл жолы қара құрлық елдері ресейдің алтынын сатып алуға тыйым салды. Бұл жайлы Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.
"Одақ елдері Ресейге қарсы салынған санкцияларды ұзартуға келісіп отыр. Мұны мен де қолдаймын. Бұл – Мәскеуге қарсы жасалған шара. Оны олар (Кремль билігі) түсінуі керек. Қысымды одан әрі күшейтеміз", - деп жазды комиссия басшысы Твиттерде.
15 шілде күні Еурокомиссия жетінші санкция пакетін енгізіп, Ресейдің алтынын сатып алуға жартылай тыйым салатынын хабарлаған. Сондай-ақ бұл жолы санкция пакетінде Ресейге жоғары технология өнімдерін сатуға тыйым салынсын деген тыйым енгізілген.
Алдағы уақытта ЕуроОдақ ресейдің танымал банкі – "Сбербанкіге" қосымша санкциялар салып, Мәскеу әкімі Сергей Собянин мен Ресейдің бірінші премьер-министрі Андрей Белоусовқа Еуропаға кіргізбей, есепшоттарын бұғаттауды көздеп отыр.