Bugin

Психологиялық тест: Жылқы қайда жүріп барады: алға немесе артқа? (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желіде жүріп келе жатқан жылқы GIF-і кеңінен тарады. Көпшілік оның қай бағытқа қарай жүріп бара жатқанын білмей әбден әлектенуде. 2021 жылдың шілдесінде Дамаянти Датта есімді Twitter қолданушысы серуендеп жүрген жылқының ақ-қара GIF-ін жариялады. 

Ол көпшілікке: «Жылқы қайда барады: алға немесе артқа?» - деген сауал тастады. Осы тұста халықтың пікірі екіге бөлінді.  

Белгілі болғандай, бұл сұрақтың жауабы сіздің миыңыздың қай жағы бжақсы жұмыс істейтінін білдіреді.  

Оптикалық иллюзия: Жылқы қайда бара жатыр?  

Егер сіз аттың алға жылжып бара жатқанын көрсеңіз, онда сіздің сол жарты шарыңыз жақсы дамыған (ойлаудың аналитикалық түрі, логика және әдіс). 

Егер сізге ат артқа жүріп бара жатқандай көрінсе, онда сіз оң жарты шарға жатуыңыз мүмкін (шығармашылық ойлау, дамыған интуиция және суретшілік).  

Аттың алға да, артқа да бара жатқанын көрген қолданушылар да болды.  

Сол және оң жарты шар 

Адамның миы екі жарты шарға бөлінеді: сол және оң. Екі жарты шар да бірдей көрінеді, бірақ олар әртүрлі функцияларға жауапты және ақпаратты басқаша өңдейді.  

Сол және оң жарты шарлар теориясы екі жарты шардың бір-бірін жоққа шығаратынын айтпайды, керісінше олардың біреуі басым.  

Егер сізде оң жақ миыңыз жақсы дамыған болса, сіз қиялшыл, шығармашылық адамы және интуитивтісіз. Сізде рамкадан тыс ойлау қабілеті жақсы дамыған. Егер сіз мектепте математикадан гөрі өнер мен әдебиетті ұнататын болсаңыз, онда сізде оң жарты шар басым болуы мүмкін. Суретшілер, музыканттар, көңіл көтерушілер және жай армандаушылардың оң жақ миы жақсы дамыған деп саналады. 

Сол жақ жарты шар аналитикалық ойлауға жауап береді. Математикалық есептеулер, фактілер және әртүрлі тізбектерді құру үшін маңызды. Сол жақ миы жақсы дамыған адам логикамен дос, тәртіпті жақсы көреді.