Спорт

Қазақстан футболшыларына намыс пен қолдау керек

Кешегі жеңістің жөні бөлек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше ғана Елордамызда өткен "Қазақстан - Андорра" арасындағы кездесуде, біздің футболшылар 4-0 есебімен ойсырата ұтты. Өздерінің алаңынан тыс жерде ойнап, 1-1 есебімен тең түскен ұлттық құраманы жерден алып, жерге салғандардың қатары көп еді. Бұл спорт. Ол жерде бақ пен бап қатар ойнайды. Сен салмасаң, саған гол салады. 

Ұлттар лигасында өнер көрсетіп жатқан біздің құрама қазір "D" тобында Грузияға жол беріп, екінші орынға көтерілді. Аталған топта Грузия, Қазақстан, Латвия және Андорра құрамалары бар. 

Ойынның 23-минутында Еркебұлан Сейдахмет есеп ашты. 39-минутта Бауыржан Тұрысбек есепті тағы еселей түсті. Ойынның 61 минутында Бауыржан Исламханның әуелеткен добын Андорра қақпашысы ұстай алмаса, 70-минутта алаңға тыңнан қосылған Роман Мұртазаев есепті еселеп кетті. Бүгін түнде Грузия мен Латвия арасындағы ойынға куә боламыз.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61