Bugin

Ұлытаудан жаяу шыққан қария 4,5 мың шақырым жүріп, Қызылжарға жетті (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлытаудан шығып, қазақ даласын жаяу аралаған қария Қызылжарға ат басын тіреді. Бүгін теріскейліктер Сәрсенбай Қотырашевты құшақ жая қарсы алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ақсақал алдымен оңтүстікке бет алып, кейін шығыс арқылы елдің солтүстігіне жеткен. 4 айдың ішінде 4,5 мың шақырым жер жүрді. Алайда ойқы-шойқы жолдармен жүрі оңай болмады дейді. Дегенмен, діттіген мақсатына жеткенін айтады. 72 жастағы қария қиын да ұзақ жолды еңсергеніне қарамастан, өзін тың сезінеді. Бұған қазақтың қонақжайлығы мен жомарттығы сеп дейді ол.

«Мен басында зейнетақым жетпейді ғой деп ойлағанмын. Көңілі дархан халқымның арқасында келе жатырмын. Жүрген жерімде бүкіл тамағым тегін. Қонақжай халық, төсек орын, бәрі - тегін. Арасында дөңгелек сатып алуға, аяқ киім алуға көмектесетіндер бар. Алты аяқ киім ауыстырдым», - дейді жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев.

Сәрсенбай Қотырашев қарашаға дейін Қазақстанның барлық аймағын аралап болады. Ақсақал бұған 7 жыл дайындалған.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.