Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСот Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алу мерзімін 2022 жылдың 26 тамызына дейін ұзартты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Тергеу судьясы қаулы етті: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тергеушінің күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қамауда ұстау мерзімін үш айға ұзарту туралы өтініші қанағаттандырылсын. Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімі 2022 жылғы 26 тамызды қоса алғанда үш айға дейін ұзартылсын», - деді судья Мұхамедиұлының ауданаралық тергеуде бұлтартпау шарасын ұзарту туралы отырысында.
Қорғаушы тарап Арыстанбек Мұхамедиұлының денсаулығы мен отбасылық жағдайына сілтеме жасай отырып, күдіктінің бұлтартпау шарасын жеңілдетуге тырысты, бірақ сот экс-министрдің елден кетуі мүмкін деп есептеді.
Іс материалдарын оқи отырып, судья экс-министрдің суицидке бейім екенін атап өтті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61