Әлем
Байден әкімшілігінің Украинаға көмек ретінде беретін алты миллиард доллары қалды. Бұл туралы Twitter-де Foreign Policy тілшісі Джек Детч жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Детч аты аталмаған Пентагон шенеунігіне сілтеме жасады.
«АҚШ қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері: Байден әкімшілігінің Украинаға қару-жарақ жеткізуге арналған президенттік өкілеттігінде 6 миллиард доллар қалды», - деп жазды журналист.
Қолдау бағдарламасының ақшасы қыркүйекте АҚШ қаржы жылының соңына дейін пайдаланылуы керек.