Bugin

Суға кеткен журналист қыздың денесі ақыры табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құтқарушылар бес күн бұрын суға батып кеткен журналистің денесін тапты. Ақмолалық құтқарушылар суға кеткен қыздың денесін тапты. Бұл жайлы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

Қайғылы оқиға Арнасай аулының маңындағы Астана су қоймасында болған, бойжеткен гидроскутермен келе жатып суға батып кеткен. Іздестіру жұмыстарына қатты жел мен су қоймасының түбіндегі өсімдіктер кедергі келтірген.

Оқиға орнында 10 құтқарушы, іздестіру иті, моторлы қайықтар жұмыс істеді.

Суға кеткен журналист қыз – Atameken Business News ақпарат агенттігінің қызметкері.