Bugin
24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Исламның бас киелі ордасы – Мекке қаласында умра (кіші қажылық) жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР Президентінің баспасөз қызметінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
– «Президент ерекше құрметке ие болды - ол ерекше жағдайларда есіктері мәртебелі қонақтар үшін ашылатын Қағбаға кірді. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан басшысына деген құрметінің дәлелі болды», – деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.