Bugin
Қостанайда полицейлер әдеттен тыс акция ұйымдастырды. Олар ауыр апаттан кейін жөндеуге келмейтін көлікті эвакуаторға көтеріп, қаланы аралап шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полицейлер жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін үнемі естігенше, жол-көлік оқиғасының жан түршігерлік салдарын бір рет көрген дұрыс деп санайды.
«Жүргізушілерді қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыру үшін эвакуатор қала көшелерімен жүріп өтуде, оның үстінде апаттан кейін қалпына келтірілмейтін сынған көлік бар», - деді Рудный қалалық полиция бөлімінің бастығы Әлім Бәжікбаев.
Полицейлер екі ОПМ бойынша облыста 600 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталғанын, көлікті техникалық байқаусыз басқарғаны үшін 27 жүргізуші және мас күйінде көлік жүргізген 8 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.