Bugin

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтерді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме - 15,5%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13,5% болады.

Қаржылық ұйымның мәліметінше, нақты инфляция инфляциялық күтулердің жеделдеуі аясында болжамды көрсеткіштен едәуір асып түсті. Тұтынушылық бағалардың орнықты құрамдас бөліктері, сол сияқты бағаның жалпы деңгейі өсіп келеді. Биылғы мамырда және маусымда қалыптасқан инфляция шарықтау шегінен өтпегенін көрсетеді.

2022 жылғы маусымда жылдық инфляция 14,5%-ға дейін жеделдеді. Барлық құрамдас бөліктер бойынша баға өсіп келеді – азық-түлік тауарлары (19,2%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар (13,2%) және ақылы қызметтер (9,2%). Бұл жеткізу тізбегіндегі іркілістерге, сыртқы инфляциялық қысымның күшеюіне байланысты шығасылар инфляциясының өсуі, сондай-ақ фискалдық ынталандырудан қолдау тапқан жоғары сұраныс пен теңге бағамының әлсіреуінен туындап отыр.