Bugin

Швед соты Гүлнәр Кәрімованың байлығын қайтарып беруге шешім шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Швейцарияның Беллинцон қалалық соты Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтың қызы – Гүлнәр Кәрімованың байлығын қайтадан өзіне қайтарып беруге шешім шығарды.

Нақтырақ айтсақ, өзбек билігі Гүлнәр Кәрімованы жемқорлықпен айналысты деп елге қайтаруға шешім шығарған $293 млн қаржыны швед соты «бұл ақшаны иесіне беру керек» деп шешті. Бұл жайлы RTS.ch жазды.

Өзбек билігі Гүлнәр Кәрімова елдің телекоммуникация нарығына тікелей әсер еткен адуынды, құзіреті кең шенеунік ретінде танып, мемлекет қаржысын жымқырды әрі пара алды деген айыппен қалған дүние-мүлкін тәркілеуді шешкен.

Алайда Кәрімованың адковаттары швед сотында бұл айыпты жоққа шығарып, экс-президент қызының мемлекеттік қызметте болғанымен, құзіреті кең емесін, қызметін асыра пайдаланбағанын дәлелдеп шыққан.

«Кәрімова мемлекеттік қызметкер ретінде саналмайды. Сондықтан пара алды, мемлекет қаржысын жымқырды деген айыптар негізсіз. Сондықтан 293 млн қаржы тәркілеу шешімін жоққа шығарамыз», - деп шешкен швед соты.