Bugin

Шымкентте өзіне қол жұмсаған баспасөз хатшысы қызметіне қайта кірісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте қызметінен шу шығып, өзіне қол салған полиция департаментінің қызметкері бұрыңғы қызметіне қайта кірісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мөлдір Бекеева тілшілерге дәрігерлер қарсы болғанына қарамастан қызметіне кіріскенін жеткізді.

Өткен сәрсенбіден бастап жұмысқа шыққан ол Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми өкілі - ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы, баспасөз хатшысы қызметін атқарып жатыр.

Еске салайық, қызмет бабында үлкен шу шығып, кейіннен қоғамдық резонансқа айналған Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері Мөлдір Бекеева өзіне қол салған болатын.