Bugin
COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймаққа жақын өңірлер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазір «сары» аймақта тек Нұр-Сұлтан тұр. Елордада бір тәулікте коронавирустың 806 жаңа жағдайы тіркелген.
Матрицада Алматы мен Жетісу облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы «сары» аймаққа жақын келгені көрінеді. Алматыда тәулігіне 532 жаңа жағдай анықталған, ал екі облыста жағдай - 83 және 84.
2022 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.