Bugin

Әйелдердің дәстүрлі киімі саналатын белдемше ерлер арасында трендке айналып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әйелдердің дәстүрлі киімі санатына жататын белдемше 2022 жылы ерлер арасында трендке айналып жатыр, деп хабарлайды жазады Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Деректерге сәйкес осы маусымда көптеген танымал ер адамдар көпшілік алдына көйлек пен белдемшемен шығуды сәнге айналдыра бастады. Мысалы, Голливуд актері Оскар Айзек, Blink-182 барабаншысы Травис Баркер және NBA баскетболшысы Рассел Уэстбрук жыл сайынғы Met Gala Costume Institute қызыл кілемінде осындай стильмен жүрді.

Сонымен қатар хип-хоп әртісі ASAP Rocky өзінің концерттерінде екі рет әртүрлі брендтердің белдемшелерін киіп, трендті ұстанды.

Америкалық актер Брэд Пит те өз кезегінде «Оқтан да жылдам» фильмінің премьерасына қоңыр түстегі белдемшемен сәйкес пиджак, сондай-ақ қызғылт жейде мен етік киген болатын.

Бұған дейін сән редакторы Марта Сундак әйелдердің дәстүрлі киімі саналатын белдемше ерлер үшін сәнге айналғанын айтқан болатын.

Маманның айтуынша, біз 2022 жылдың басты трендтерінің бірі – «балеткор» деп аталатын стиль. Мұндай киімге деген қызығушылық Tumblr платформасында 2010 жылы Натали Портманның басты рөлінде ойнаған «Черный лебедь» фильмі шыққаннан кейін пайда болған. Дәл сол кезеңде бишілерге арналған кең шалбарлар, қабатты белдемшелер мен уги етіктері шыққан.