Bugin

Тоқаев Мамин мен Атамқұловты шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның экс-премьер-министрі Асқар Мамин мен бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Кеңестің құрамынан А.Ұ.Мамин, Е.Ә.Досаев, Б.Б.Атамқұлов, Р.Е.Дәленов, P.M.Исатаев, А.Ә.Әріпханов, А.И.Мырзахметов, Р.Дж.Поллетт, А.Глазенберг, В.Н.Кнауф, А.Брейяк, К.Ульмер-Айлфорт, В.Ю.Алекперов, И.Катаяма шығарылсын, – деп жазылған мемлекет басшысының Жарлығында.

Айта кетейік, Асқар Мамин 2019 жылғы ақпаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін премьер-министр қызметін атқарған, ал Бейбіт Атамқұлов 2019 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы қаңтарға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарған болатын.