Bugin
Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Соттың баспасөз қызметі мәліметінше, биыл 7 шілдеде сот Қуанышбек Ықақовтың жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырған.
Бұған дейін ЗК-169/5 колониясының өкілі сотталушыға берілген мінездемені қолдап, экс-әкімнің жазасын өтеу кезінде «белгіленген ішкі тәртіп пен режим талаптарын бұзбағанын» айтқан еді.